Жаңалықтар

Алматыда базардан шыққан өрт толығымен сөндірілді

Алматыда базардан шыққан өрт толығымен сөндірілді
Фото: Алматы қалалық ТЖД 09.07.2023 15:50 975

Алматы отқа оранған киім базарындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін күндізгі сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына аттанып, тілсіз жауды сөндіруге кіріскен еді. 

Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқанын көріп, бірден су шашуға кіріскен. Сол маңда бірден жедел штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды-көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.

Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің үлкен жану жүктемесіне, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те толығымен жойылды, - деп жазылған Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға