Жаңалықтар

Алматыда батуттағы гимнастикадан жазғы VI спартакиадасы мәресіне жетті

Алматыда батуттағы гимнастикадан жазғы VI спартакиадасы мәресіне жетті
Фото: instagram.com/drs_kz 30.04.2023 19:55 1249

Бүгін Алматы қаласында батуттағы гимнастикадан VI жазғы Спартакиада аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шешуші күннің нәтижелері төмендегідей:

Акробатикалық жолақта секіруден ерлер арасындағы командалық сын:
СҚО (69,7 балл)
Шымкент қаласы (65,8)
Қарағанды облысы (64,4)
Бұл бағдарламада финалда әр командада 3 спортшыдан өнер көрсетті. Іріктеу нәтижесі бойынша финалға 5 команда шықты. Жамбыл облысы мен БҚО жүлдесіз қалды.

Қос минитрамп әйелдер арасында командалық сын:
Павлодар облысы (63,6 балл)
Шымкент қаласы (63,4 балл)
Қарағанды облысы (63,0 балл)

Акробатикалық жолақта секіруден ерлер арасындағы командалық сын:
БҚО (74,9 балл)
Шымкент қаласы (73,8 балл)
Павлодар облысы (72,10 балл)
Финалда 4 гимнастан бақ сынады. ШҚО мен Жамбыл облысы финалда жүлдеге іліге алмады.

Батутта синхронды секіру (ерлер):
Қарағанды облысы (47,07 балл)
Павлодар облысы (47,05 балл)
Қарағанды облысы (45,96 балл)

Батутта синхронды секіру (әйелдер):
Шымкент қаласы (38,28 балл)
Павлодар облысы (38,15 балл)
Павлодар облысы (38,07 балл)

Батутта секіруден командалық сын (ерлер):
Қарағанды облысы (169,53 балл)
ШҚО (157,88 балл)
Павлодар облысы (148,81)

Батутта секіруден командалық сын (әйелдер):
Қарағанды облысы (139,06 балл)
Павлодар облысы (128,25 балл)
Шымкент қаласы (127,32 балл)

Жалпы есепте Қарағанды облысы бірінші болды. Кеншілер өңірінің гимнастары осыдан 4 жыл бұрынғы V жазғы Спартакиадада бас жүлдені қанжығасына байлаған. Одан кейінгі сатыға Шымкент қаласы мен Павлодар облысы тұрақтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға