Жаңалықтар

Алматыда басқарма басшысының орынбасары алаяқтық жасаған

Алматыда басқарма басшысының орынбасары алаяқтық жасаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.02.2024 16:50 644

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.

Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға