Жаңалықтар

Алматыда балаларды "лагерь-моншаға" жібергендерді тергеу аяқталды

Алматыда балаларды "лагерь-моншаға" жібергендерді тергеу аяқталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 13.12.2023 09:36 1208

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бiрге Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға