Алматыда «Азия Дауысы» фестиваліне баратындар үшін тегін көлік бағыттары ұйымдастырылады
«Азия Дауысы» музыкалық фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін қосымша 55 автобус ұйымдастырады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында келушілерді «Медеу» спорт кешенінің жанында 30 автобус күтіп тұратын болады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді.
Оқи отырыңыз:
- Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйері қазақша ән шырқап, көпшілікті дауысымен таңғалдырды
- Астанада көлік тізгінінде көз жұмған жүргізушінің өліміне байланысты тың дерек шықты
Автобустар келушілердің толуына орай сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүреді. Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталғаннан кейін жүретін болады.
Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істді.
Бұл ретте, №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.