Жаңалықтар

Алматыда Қазақстан вайнахтары мәдениеті Күні өтеді

Алматыда Қазақстан вайнахтары мәдениеті Күні өтеді
11.09.2019 17:16 2063

12 қыркүйекте сағат 11.00-де Алматы қаласының республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) «Қазақстан вайнахтары: Бірлік пен жасампаздық» атты Қазақстанның шешен және ингуш этностарының мәдениет және салт-дәстүр күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Мурадов, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалары қатысады деп күтілуде.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге және Жолдауды іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен міндеттерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Қонақтар мен қатысушыларға арналған «Қазақстанның шешен және ингуштардың тарихи-мәдени өмірі» атты кітап көрмесі және фотокөрме дайындалады. Сондай-ақ қолданбалы өнер көрмесінде көне тұрмыстық заттар мен музыка аспаптары ұсынылады.

Шешен және ингуштардың «Достық дастарханы» атты тағамдар көрмесінде ұлттық асханасының дегустациясы мен оларды дайындаудың шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Мерекелік шара Қазақстанның шешен және ингуштардың «Вайнах» қауымдастығының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға