Алматыда әйелдер арасындағы регби бойынша Азия чемпионаты өтеді
17.05.2023 06:24
Фото:
© Pixabay.com
Жарыс 23 мамырда басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл күні Гонконг пен Қазақстан өзара матч өткізеді. Жеңген команда 28 мамырда финалда Жапонияға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, жеңімпаз және екінші финалист бірнеше дивизиондарда өтетін WХV жаңа халықаралық турниріне жолдама алады.

