Алматыда әйел адамның мәйіті табылды
23.08.2024 22:48
Фото:
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы
Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабар берген.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

