Жаңалықтар

Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды

Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 29.12.2024 00:30 270

Алматыда Аяз Атаның ұлттық стильде безендірілген мерекелік киіз үйлері пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар қаланың үш көрнекті жерінде Астана және Абай атындағы алаңдарда және Арбатта орнатылған.

Аяз Ата қонақтарды қарсы алатын киіз үйлердің есігі келушілер үшін күн сайын сағат 15:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады. Қала тұрғындары мен қонақтары 31 желтоқсанға дейін жаңа жылдың басты кейіпкерімен суретке түсіп, қуаныш пен ғажайыптар атмосферасына ене алады.

31 желтоқсанда киіз үйлер Астана алаңында түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады, ал 2025 жылдың басталу сәтінде мұнда жаңа жылдық концерттен кейін отшашу болады.

Жаңа жылға дейінгі қалған күндерде киіз үйлердің жанында түрлі шығармашылық шеберханалар, қызықты ойындар, безендірілген сахналарда жанды қойылымдар және сүйікті жаңа жылдық кейіпкерлермен кездесулер өтеді.

Шеберлер мен қолөнершілер бүкіл отбасы үшін шеберлік сабақтарын өткізеді, онда қонақтар өз қолдарымен ерекше жаңа жылдық ойыншықтар жасай алады. Ағаш шырша ойыншықтарын безендіру, кружкаларды жарқын суреттермен және сәндік элементтермен безендіру, музыкалық қораптар жасау және жаңа жылдық тақырыпта гипс фигураларын жандандыру мүмкін болады. Бұл сабақтар барлығына өздерін нағыз шебер ретінде сезінуге және мерекенің бір бөлігін өздерімен бірге алып кетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға