Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып бірнеше адамның өмірі үзілді
22.12.2023 21:59
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, бірнеше адам бақилық болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаменті 22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал барысында жүргізуші әйелді ұрғандығын, салдарынан оның есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.
Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.
Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады