©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Алматыда автобус апатынан бір адам көз жұмды

Алматыдағы MEGA Park маңында автобус дүкенге соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16 адам зардап шекті.

Оқиға Алматының Алмалы ауданында сағат 14:20-да болған.

Kia жүргізушісі Мақатаев көшесінен өтіп бара жатып, #18 бағыттағы автобуспен соқтығысса, қоғамдық көлік дүкенге барып соғылған.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.