Алматыда аудандардың әкімдері ауысты
19.05.2023 10:30
Фото:
Алматы қалалық әкімдігі
Кадр мәселелері жөнінде өткен жиында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандардың жаңа әкімдерін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Наурызбай ауданының әкімі болып 2021 жылдан бастап Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Назира Тоғызбаева тағайындалды.
Әуезов ауданының жаңа әкімі – Абзал Егембердиев. Ол 2022 жылғы тамыздан бері Мемлекеттік активтер басқармасын басқарған.
Бостандық ауданы әкімі қызметіне Санджар Алин тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасын басқарып келген.
Алматы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылғы қаңтардан бері Алматы қаласы әкімінің аппаратында басшылық еткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

