Жаңалықтар

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда қолайсыз метеожағдай болады деп күтілуде
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: egemen.kz 07.03.2023 06:07 670

7 наурызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер басқа қалаларда ауа сапасы норма шегінде болатынын болжады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салайық,  бұған дейін де Алматыда ауа сапасы нашарлайтыны айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға