qarmaqshy-tany.kz/

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

23.02.2023 06:10

23 ақпанда Алматыда ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Бейсенбі күні Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.