Алматыда Асқаров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылды
28.08.2025 22:40
Фото:
t.me/AlmatyJoly
Алматыдағы орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында Асқаров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы Almaty_Joly Тelegram-арнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Осыған байланысты 28 тамыз сағат 22:00-ден 29 тамыз сағат 06:00-ге дейін Садықов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады, - делінген мәліметте.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлау сұралған.

