Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап көз жұмды
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ
04.12.2024 15:45
239
Алматыда жарнама ілетін 26 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болды.
"ДДК-экстрим групп" ЖК өнеркәсіптік альпинисі Төле би көшесіндегі 16 қабатты Assem Plaza тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатқан. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Келесі жаңалық
Алматыда бірнеше ауданда кедергісіз тұрақтар іске қосылады