Жаңалықтар

Алматыда алғаш рет «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

Алматыда алғаш рет «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
Фото: gov.kz 17.10.2024 21:32 389

Алматының Жетісу ауданындағы №87 жалпы білім беретін мектепте «Жас құтқарушы» сыныбы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қазақстанда 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орайластырылған.

«Жас құтқарушы» сыныбында балаларды өрт, жер сілкінісі, суға шомылу маусымындағы іс-әрекеттерге үйретеді. Басты мақсат – оқушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және оларды төтенше жағдайда пайдасы тиетін тәжірибелік дағдыларға үйрету.

Бұл өскелең нағыз патриоттар мен болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды оқиға. Алматыдағы алғашқы осындай сыныптың біздің ауданда ашылғанына мақтанамыз. 9-сынып оқушылары жас құтқарушылар антын қабылдап, елді қорғауға және төтенше жағдайда қауіпсіздік шарасын сақтауға міндеттенді. Балаларға шын жүректен сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін. Олардың қоғам дамуына үлкен үлес қосатын тұғыры биік тұлға боларына сенімдімін, – деді Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева.

Жаңа сыныптың ашылуы кезінде келушілерге мото жол талғамайтын көлік, қарда жүретін көлік, квадроцикл, жедел әрекет ететін өрт сөндіру машинасы сынды құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарынан көрме ұйымдастырылды.

Жас құтқарушы» сыныбы балалардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, тұрақты тәжірибелік дағдыларды меңгеру және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстау қабілетін дамыту мақсатында ашылды. Болашақта жас құтқарушылар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырады деп үміттенеміз, – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға