Жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік қызметтердің алғашқы форумы өтті

Алматыда әлеуметтік қызметтердің алғашқы форумы өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 13.12.2022 21:00 1056

Алматыда «Жүректен жүрекке» әлеуметтік форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шара қаланың әлеуметтік қызметінің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Әлеуметтік саланың жетекші сарапшылары өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған сәтті жобалардың мысалдарымен бөлісті. 

Форум барысында ҮЕҰ өкілдерімен, кәсіпкерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен бірге біз әлеуметтік мәселелерді шешуде заманауи тәсілдерді іздеу бойынша күш-жігерімізді жұмылдыруға ықпал ететін шешімдер табуға тырыстық, - дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. 

Форумға қатысушылар әлеуметтік бағдарламалардың даму үрдістері мен перспективаларын, мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты еңбек заңнамасының негіздерін, қоғамның, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға