Жаңалықтар

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен экс-судья ұсталды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен экс-судья ұсталды
Фото: Instagram/zholmanova.svetlana 09.10.2024 15:09 487

Экс-судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Светлана Жолманова ұсталғаннан кейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Оған уақытша ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалмақ.

Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салайық, Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Экс-судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға