© Pixabay.com

Алматыда әкімшілік ғимараты өртенді

Алматыда  Громов көшесінің бойында орналасқан қолданыссыз тұрған 2 қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат аенттігі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ғимарат лаулап жанып жатқан. Қызыл жалын аумағы - 290 шаршы метр.

Төтеншеліктер өртті жедел түрде оқшаулап, дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.