Алматыда ағаштан салынып жатқан жеке үй жанып кетті
08.06.2025 00:19
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда ағаштан салынып жатқан жеке үйде өрт шықты. Оқиға Медеу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылды.
Төтеншеліктер оқиға орнына келген кезде қызыл жалын тарап кеткен. Үй ағаштан салынғандықтан оны оқшаулау қиынға соққан.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Қызыл жалынды жою үшін шаралар қабылдануда.
Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, 600 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

