Жаңалықтар

Алматыда адам өліміне әкелген өрттің жайы туралы тың дерек айтылды

Алматыда адам өліміне әкелген өрттің жайы туралы тың дерек айтылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 08.05.2023 17:25 1543

Алматыда тоқтаусыз жанып жатқан өртке қатысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қосымша деректерді жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 мамырда түнде Медеу ауданы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштарға от тигені белгілі болған. Осыдан кейін дереу Алматы қаласы ТЖД жеке құрамының 59 адамы мен 15 техника сондай-ақ, МҰТП жедел тобы жіберілгені мәлім болды.

8 мамыр күні сағат 01:24-те қызметтік борышын орындау кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты. Сондай-ақ, өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы қолынан жарақат алды, - деп жазылған ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен бірге, өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көптігімен жағдай қиындау түсікен. Сондай-ақ, Қазавиақұтқарудың су төгетін құрылғысы бар Ми-171, Ми-8 2 тікұшақтары жұмылдырылған. 

Оқиға орнында өртті жоюға "Іле Алатау" МҰТП қызметкерлері - 42 адам және ТЖД жеке құрамнан 32 адам мен 5 техника жұмыс істеп жатыр. Өрттің жану көлемі 3 гектар аумақты құрайды. Бүгін 14-45 жағдай бойынша өртке 13 рет (36 тонна) су төгілген.  Оңтүстік-шығыс жағын оқшаулауға қол жеткізген, - деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға