Ұлттық тестілеу орталығы

Алматыда 85 жастағы әжей ҰБТ тапсыруға келді

Алматыда тамыз айындағы ҰБТ-ға сынақ тапсыру үшін 85 жастағы Нұрихан әжей келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жоғары білім алу кейуананың жастық шағында қол жетпеген арманы болған. Себебі ол ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Зейнеткер биыл көптен бергі арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарыпты. Жақындарының қолдауымен ҰБТ-ға тіркеліп, бағын сынамақ болған.

Тестілеу күні  балалары қолдау көрсетіп жанынан табылған. Емтихан басталар алдында Нұрихан әжей талапкерлерге ақ батасын беріп, «Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес» екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді.

Тестілеу орталығының мәліметінше, алайда бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы зейнеткерге тест тапсыруға кедергі болыпты. Енді Нұрихан әжей компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті.