Жаңалықтар

Алматыда 800 доллар алған такси жүргізушісіне айып тағылды

Алматыда 800 доллар алған такси жүргізушісіне айып тағылды
Фото: © Pixabay.com 24.05.2023 22:26 795

21 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, ол өз көлігіне Үндістан елінен келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін мың теңгеге апарып тастаймын деген. Межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 доллар сұраған, бермеген жағдайда сөмкелерді қайтармаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 доллар беруге мәжбүр болған. Үнді азаматтары бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірді. Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Өз кінәсін толық мойындаған ол шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді. Өз кезегінде шетелдік туристер Қазақстан полициясына алғыс білдірді. Такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға