Алматыда 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында Алматыда жеміс ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, шара барысында 8205 жасыл желек, соның ішінде 4515 жеміс, 1090 жапырақты ағаш пен 2600 бұта отырғызылды.
Қаланың барлық аудандарында ағаш пен бұта көшеттерін жаппай отырғызу шарасы өтті. Жаңа Саин көшесінің шығысындағы БАК бойындағы саябаққа қала басшысы Ерболат Досаев қатысты. Қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер бірлескен шара аясында Алатау ауданының аумағында 500 алма мен 500 өрік көшеті отырғызылды, - делінген әкімдік мәліметінде.
Мұндай алма бақ 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы мыңға жуық қатты ағаш көшеттері отырғызылды.
Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма аллеяларын отырғызды. Онда барлығы 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш пен 2600 бұта, соның ішінде дерен, кизильник, бересклет, снежноягодник және т.б.