Жаңалықтар

Алматыда 6 мың ағаш кесіліп жатыр

Алматыда 6 мың ағаш кесіліп жатыр
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 05.07.2024 15:29 359

Алматыда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатты ағаштар кесіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде осы бағыт бойынша жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізілді. Алатау ауданында 500, Әуезов ауданында 700, Алмалы ауданында 900, Бостандық ауданында 900, Медеу ауданында 100, Жетісу ауданында 300, Наурызбай ауданында 400 және Түрксіб ауданында 1400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. «Алматы Жазы» науқаны аясында 5 200 ағаш санитарлық мақсатта кесілді.

Ағашты санитарлық мақсатта кесудің уақтылы жүргізілмеуі адамның денсаулығына және мүлікке зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштардың басын санитарлық және пішіндеп кесу жұмыстарын күшейту дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау мүмкіндігін азайтады, - делінген мәліметте.

Алматы қаласының жасыл желегін күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, ағаштың пішініне, олардың жасына қарай өзгеретіне, кесуге төзімділік сынды өсімдіктердің түрлік және биологиялық ерекшелігін ескере отырып, барлық норма сақталып санитарлық мақсатта кесіледі. Санитарлық кесуден кейін ағаштың кесілген жері арнайы жасалған құралдармен өңделеді.

Науқан өткізу барысында қауіпті еңісте өскен ауру және қураған ағаштарды кесу көзделген. Оның орнына 10 есе көп мөлшерде көшет отырғызылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға