Алматыда алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Анар Жахина есімді тұрғын Алматы қалалық перинаталды орталықта бесінші баласын өмірге әкелді.
Ұлдың салмағы 5810 грамм, бойы 60 см. Балаға Мухаммад деген ат қойылды. Сәби үйдегі төртінші ұл, отбасында тағы бір қыз бар. Анаға кесір тілігі жасалды. Әу баста ана өзі босанады деп жоспарланған. Алайда сәбидің салмағы ауыр болғандықтан дәрігерлер операция жасады, - деп хабарлады Алматы қалалық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі.
Қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

