Жаңалықтар

Алматыда 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматыда 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.06.2023 17:24 904

Алматыда 2022 жылы 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Әмірбаев мәслихаттың VI сессиясында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда іскерлік белсенділікті толық қалпына келтіруге, инвестициялық әлеуетті ұлғайтуға қолжеткізілді – шетел компанияларының қала экономикасына салымдарының ағыны 12%-ға өсті, 1,4 трлн теңге тартылды. Оң өзгерістерді еңбек нарығы көрсетуде: 2022 жылы 57,5 мың жұмыс орны құрылды. Мегаполис экономикасы 5,1%-ға өсті, – деді Дастан Әмірбаев.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес Алматының даму жоспарының негізгі міндеттері кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. 2022 жылы осы мақсаттарға 460 млрд теңге бөлінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға