Жаңалықтар

Алматыда 51 жастағы әйел егіз тапты

Алматыда 51 жастағы әйел егіз тапты
Фото: © Pixabay.com 03.08.2023 15:44 1115

Қуанышты оқиға Алматыдағы №2 перинаталды орталықта болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел жасанды ұрықтандыру әдісімен балалы болған.

Әйел орталыққа жоспарлы түрде түскен. Оған жасанды тілік операциясы жасалған.

Операция сәтті өтті. Ешқандай қиындық туындаған жоқ. Салмағы 2589 грамм қыз бала және 2345 грамм ұл бала дүниеге келді. Анасының да, сәбилердің де жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің бақылауында, – делінген мәліметте.

Ал ана атанған әйелдің өзі мұны көптен күткенін алға тартты.

Эмоциямды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Балалы боламын деген арманым орындалды. Менің жасымда баланың құрсаққа бітуі де, оны тоғыз ай көтеріп жүру де оңай емес – түрлі қиындықтар болады. Бірақ мен балаларым болғанын қалайтынмын, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға