Алматыда соңғы 9 айда 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін баяулады.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22%-ға өсіп, 292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім 11,6%. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп, 15,5%-ға артты.
Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде: 9 айдың ішінде 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға көп. 2025 жылы инвестиция көлемі 2,35 трлн теңгеге дейін өседі деп күтілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

