Алматыда 5 мыңнан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды
10.08.2025 13:43
Фото:
Алматы қаласының әкімдігі
Бүгін, 10 тамыз күні Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, 5000-нан астам қатысушыны жинады.
Салтанатты жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық және мәдени ұйымдар мен жастар қатысты.
Қатысушылар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» атты Абайдың аңызға айналған шығармаларын «Отырар сазы» оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен орындады.

Айта кетейік, Алматыда Абайдың мерейтойына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады: театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ, спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар қаланың барлық ауданында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады