Жаңалықтар

Алматыда 436 млн теңге ұрлаған мекеме басшылары жазаланды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті
Алматыда 436 млн теңге ұрлаған мекеме басшылары жазаланды
Фото: aikyn.kz 29.11.2022 15:07 913

436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға