Жаңалықтар

Алматыда 400-ге жуық тұрғын жалдамалы пәтер алды

Алматыда 400-ге жуық тұрғын жалдамалы пәтер алды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 04.06.2024 13:14 729

Алматыда жалдамалы пәтерлерді беру жалғасып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға пәтер табыстау жалғасып келеді. Бұл жолы Alem City-2 ТҮК орналасқан 5 үйде ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған тағы 105 тұрғын қоныс тойын тойлайды.

Бұл биыл мамыр айында басталған пәтер кілтін табыстау рәсімінің жалғасы. Бүгінде 400-ге жуық алматылық баспаналы болды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалға берілетін пәтер беріледі, оның 400-і жетім балаларға арналған.

Жаңа баспана көпшілікке тосын сый болды.

Ұялы телефоныма қоңырау шалып, пәтердің иесі болғанымызды айтты, басында сенбедім. Біз үшін бұл үлкен бақыт және тосын сый! Ұлымды жалғыз асырап отырған мен үшін бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау, - деді алматылық Виктория Гришина.

Алматыда мұндай жобаларды іске асыру қала тұрғындарының, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болғандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға