Жаңалықтар

Алматыда 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген

Бұл туралы АҚДМ мәлім етті
Алматыда 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген
Фото: gov.kz 16.02.2023 12:35 921

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Алматыда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні қалада 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, бұл еліміздегі екінші сектордың 19%-ы. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 1519, қоғамдық ұйымдар – 2114, жеке қорлар – 336, ЗТБ – 94.

Жиын барысында М.Қожахмет қатысушыларды министрліктің назарында тұрған «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ҮЕҰ қолдау шаралары туралы, қайырымдылық, волонтерлік және медиация саласындағы өзгерістер жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға