Жаңалықтар

Алматыда 350-ден астам адамды кене шаққан

Алматыда 350-ден астам адамды кене шаққан
Фото: © Pixabay.com 02.05.2023 15:11 1281

Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы кене шаққан 356 адам медициналық ұйымдардың қызметіне жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы баян етті.  

Шағымданған 456 адамның 187-ісі – бала. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 1,5 есе азайған.

Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі, - деді РСК спикері.

Маманның айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация алу.

Қалада екпені тұрғылықты жері бойынша тегін алуға болады. Вакцинация курсы 1-7 ай аралығында жүргізіліп, 2 кезеңнен тұрады. Вакцинация жыл бойы, соның ішінде эпидемиялық маусымда жүргізіледі.

Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына баруға екінші вакцинациядан кейін 2 аптадан кешіктірмей рұқсат етіледі, - деп түсіндірді спикер.

Бірінші және екінші егу арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс айлары).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға