Алматыда 35 жылдан бері 17 құрылыс нысаны бітпей тұр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
24.11.2023 11:38
745
Алматы қаласында 1988 жылдан бастап консервацияланған 17 құрылыс нысаны бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік астанада құрылысы созылып кеткен нысандарды тексеру шаралары басталды. Жоспардан тыс тексеріске қала тұрғындары тарапынан түскен арыз-шағымдар себеп болып отыр.
Тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға шешім шығарылып, қажет болса оны мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап-арыз жіберіледі. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін сақалды құрылыстар бұзылуы мүмкін, - дейді әкімдік мамандары.
Құрылысы тоқтаған немесе алты айдан астам мерзімге созылған нысандар консервациялануы қажет. Қазіргі кезде қалада 1988 жылдан бастап консервацияланған 17 құрылыс нысаны бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейс көбейеді
Келесі жаңалық
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді