Жаңалықтар

Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді

Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 05.01.2025 12:00 324

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен 300 шақырым жолға, 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 шақырым жаңа жол салу жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді, - делінген мәліметте.

Еске салайық, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға