Жаңалықтар

Алматыда 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады

Алматыда 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 26.06.2024 23:12 546

Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады. Қала әкімі Ерболат Досаев жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауданы 1547 шаршы метрлік 4 қабатты ғимаратта ішкі жөндеу және әрлеу жұмыстары аяқталып, жиһаз және құрал-жабдық сатып алынып жатыр.

Емхана ауданның 30 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. «Жұмысшылар кенті» және жақын маңдағы шағын аудандар «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша медициналық қызметпен қамтылады. Бұл Алмалы ауданындағы №5 және №8 емхананың жүктемесін азайтады.

Медициналық лицензия алу ғана қалды, санитарлық талапқа сай болу үшін көлік жуу нысаны орналасқан жерді сатып алу қажет.

Жергілікті тұрғындар емхананың ашылуын күтіп жүр. Алайда жер иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты мәселе сот арқылы шешіледі. Содан кейін емхана пациентті қабылдауға кіріседі.

Жетісу ауданында тағы екі жаңа – Омаров және Нүсіпбеков көшелерінде емхана ашу жоспарланған. Ол үшін әкімдік ғимараттарды сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға