Жаңалықтар

Алматыда 230 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жасалады

Алматыда 230 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жасалады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 09.07.2023 14:52 957

Алматы әкімдігі жолдарды ұзақ мерзімді пайдалану үшін құрылыстың жаңа технологияларын енгізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполис әкімдігі жол жабынын жақсарту немесе жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру желілерін реконструкциялау мақсатында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 200-ден астам жол учаскелері туралы ақпаратты қамтитын деректерді жариялады. Аяқталу мерзімі көрсетілген: магистральдық көшелер бойынша орташа жөндеуді оқу жылы басталғанға дейін, ал аудандық маңызы бар көшелерді ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Биыл әкімдік ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшені орташа жөндеумен жөндеуді жоспарлап отыр. Алматыда барлығы 2746 көше бар. Ал көше-жол желісінің ұзындығы 3097 км құрайды. Ағымдағы жылы автожолдардың үлесін былтырғы 86%-дан 89%-ға дейін, кейіннен 2025 жылға қарай 95% - ға дейін көтеру жоспарланған. Аталған мақсат үшін жыл сайын ұзындығы кемінде 200 км жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, басқаша айтқанда, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі мегаполистің инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жоспарларына толық сәйкес келеді, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта. 

Алматыда жолдарға жүктеме артып келеді. Қала өсіп келеді және оның жолдарында көбірек көлік пайда болады. Барлық салаларда тиімділікті арттыру үшін инновациялық әдістер енгізілуде, жол саласы да ерекшелік болған жоқ.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға