Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алады
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
05.12.2024 10:33
393
Алматы Мәслихатының сессиясында қосымша автобустарды сатып алуды қаржыландыруды қамтитын 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда алғаш рет 2023 жылы әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған «Мектеп автобусы» бағдарламасы кеңейіп жатыр. Биыл екінші кезеңі аясында 100 автобус сатып алынды, олар қазір 51 мектепте 9 мыңнан астам оқушыны тасымалдайды.
Жоба аясында бүгінгі таңда барлығы 200 автобус бар. 2025 жылы тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда. Олар қаланың шалғай және жету қиын аудандарындағы балалар оқитын мектептерден өтінімдер келіп түскен сайын маршруттарға шығатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға