Жаңалықтар

Алматыда 20 отбасына ақшалай сертификаттар табыс етілді

Алматыда 20 отбасына ақшалай сертификаттар табыс етілді
04.03.2019 03:38 1949

Алматы қаласында Алғыс айту күніне орай 20 отбасына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қонақтарды мерекмен құттықтап, Алғыс айту күнінің маңызы мен шығу тарихы туралы атап өтті.

Сахна төріне этномәдени бірлестік мүшелері шығып, қазақ халқының өзге ұлттарға көрсеткен қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.

Іс-шара барысында көп балалы 20 отбасына ақшалай сертификаттарын табыс етілді. Сондай-ақ, әлем халықтарының достығы туралы бейнефильм көрсетіліп, «Алғыс» театр-поэтикалық көрініс қойылды.

Мерекенің басты мақсаты – азаматтық қағидаттар негізінде қазақстандық біртектілікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

ҚОСЫМША ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚХА «САРҚЫТ» АЙЛЫҒЫ КЕЗІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА 200 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ ЖИНАДЫ

ҚХА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға