Алматыда 1980 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
02.06.2024 13:30
689
Алматыда 1980 жылы пайдалануға берілген 1,5 км-ден астам құбыр ауыстырылады. Осыған байланысты биыл 3-15 қыркүйегінен бастап Жетісу ауданы Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, қозғалыс екі бағытта да жабылады.
1980 жылы пайдалануға берілген аталған көше бойындағы 1502,5 метр үшін құбырды ауыстыру кезіндегі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылы және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Реконструкция кезінде осы аумақта тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету тоқтамайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті