Алматыда 1964 жылы салынған оқушылар үйінің орнына жаңа орталық ашылды
01.06.2025 17:11
Фото:
Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда 1964 жылы салынған оқушылардың ескі үйінің орнына «Самғау» атты жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін қала басшысы Дархан Сатыбалды нысан жұмысымен танысты. Орталық халықаралық стандарттар бойынша салынған, заманға сай кабинеттермен, зертханалармен және залдармен жабдықталған.
Енді 5 жастан 17 жас аралағындағы 2 мыңға жуық бала робототехника мен бағдарламалаудан бастап, вокал, хореография, кескіндеме және театр үйірмелерін, жалпы 28 бағыт бойынша тегін оқи алады.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мұндай кеңістіктердің қосымша білім беруді дамытуға және барлық бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға маңызды қадам екенін атап өтті. Жақын арада осындай орталықтар Саялы, Айнабұлақ және Жас Қанат шағынаудандарында пайда болады.

Мереке күнімен қатар өткен ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған шеберлік сағаттары, концерт, түрлі ойындар мен үлестірілген тәттілер балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады