Алматыда 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді
05.09.2025 17:02
Фото:
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰҚК мәліметінше, уақтылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді. Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды, - делінген мәліметте.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

