Алматыда 130 көпқабатты және ондаған жер үй газсыз отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және "Мұзтау" шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады.
Осыған байланысты 7 ақпан күні кештен бастап "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында 130 көпқабатты үй көлемінде газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын және 18 жеке сектордағы үйлер газбен жабдықтауды тоқтатты, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Мұзтау" шағын ауданында ажырату жұмыстары жүргізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

