Алматыда 10 жасар баланы үш ит талап тастады
01.07.2025 21:26
Фото:
© Pixabay.com
Алматыда футбол алаңында ойнап жүрген 10 жасар баланы үш ит талап тастады. Оқиға Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында болған. Оқушы бала Қаскелең ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматы облысының прокуратурасы аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған иттер адамдарға әртүрлі тәуелділіктерден емдеу көмегін көрсететін жекеменшік оңалту орталығының аумағында ұсталған.
Тергеу аясында оңалту орталығының үй жануарларын ұстау ережелерін сақталуына құқықтық баға берілетін болады. Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауында,-делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

