©Pixabay.com

Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді

16.09.2025 19:13

Алматыда 16 қыркүйекте сағат 18:00-ден кейін қаладағы көлік кептелісі 10 балдық деңгейге жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«2ГИС» қосымшасындағы деректерге сәйкес, кептеліс бүкіл қала аумағында байқалған.

10 балдық кептелістің ықтимал себептері:

  • ауа райының қолайсыздығы;
  • жолдағы жөндеу жұмыстары.

Айта кетейік, Алматыда сейсенбі күні шамамен сағат 17:00-де жаңбыр жауа бастаған. Ал қаланың кейбір аудандарында жауын-шашын мөлшері артқан.

Тиісінше бұл жағдай такси бағасының күрт өсуіне әкелді. Бұрын 2 мың теңге тұратын сапар қазір 8 мың теңгеге дейін қымбаттаған.