Жаңалықтар

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

Фото: inform.kz
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды
02.06.2022 15:32 1591

«Алматы жастары» бағдарламасына 11 мыңнан аса алматылық құжат тапсырды, деп хабарлайды El.kz

almaty-zhastary.kz сайтында өтініштер мен құжаттарды беру электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылды. Бағдарламаға қатысу үшін 11 199 өтінім берілді.

Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінен түсті. 1 маусым сағат 23:59-да өтініш қабылдау толық аяқталды. 2 мауысымнан бастап бүкіл өтініштер жүктеледі.

Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтініштердің бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріліп, әр санатта жиналған балл санымен тізім құралады. Аталған бағдарламаның бюджеті 18 млрд теңге.

Берілетін қарыздың ең жоғарғы шегі - 18 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшері 5%, бастапқы жарнасы - 10%. Бұл бағдарламамен бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады. Биыл аталған бағдарламамен 1000 адамды қамту жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға