Жаңалықтар

Алматы тұрғыны қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен

Алматы тұрғыны қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен
22.06.2022 08:06 919

Алматы тұрғыны құрбысының заңсыз әрекетінен кейін қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды El.kz сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол А. есімді құрбысының жеке куәлігін алып, өз фотосуретін жабыстырған. Алайда ол 2021 жылы қыркүйек айында ауруханаға түсіп, қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі А. есімді келіншекті қайтыс болды деп таныған. Себебі жалған құжатта оның жеке мәліметтері болған.

– Осы сәттен бастап өтініш берушінің Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады. Өйткені барлық органда ол қайтыс болған адам ретінде есепте тұрды", - дейді прокурорлар.

"Қайтыс болған" келіншек прокурорлардың көмегіне жүгініп, сот арқылы қайтыс болғандығы туралы акт жазбасының күшін жойды.

Ал полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға