Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мүфтияттың Қонаев қаласында арнайы өкілдігі ашылып, жаңадан құрылған Алматы облысының бас имамы тағайындалды, деп хабарлайды EL.KZ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша өкілдігі жаңадан құрылған Алматы облысының Қонаев қаласына ауыстырылсын - делінген Бас мүфти бұйрығында.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен осыған дейін Алматы орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарған Мадияр Пірімқұлов Алматы облысының бас имамы болып тағайындалды.
Бүгін, қасиетті жұмада ҚМДБ Төраға орынбасары Кенжеәлі Мырзабаев Қонаев қаласында жамағатқа жаңа имамды таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Сонымен қатар осыған дейін аталған өңірде имамдық қызмет атқарған Қуаныш Наржанов пен Алдажар Сейітұлына Бас мүфти алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

